Соғысып өту учаскесі (Участок форсирования) — әскердің соғысып өтуі жүзеге асатын немесе байқалатын су мен оған жақын орналасқан жер өңірі. Соғысып өту учаскесіне әскердің өзеннен өте алатын жағалаулары мен өңірлері, кең майданда шабуылдай алатын, табиғи бүркеніштері бар, көбінесе корғанысы нашар немесе қарсылас басып кіру мүмкін емес деп есептейтін жерлер жатады. Соғысып өту учаскесі жағалаудан өту кезінде десанттық пароммен, көпірмен, мұздан өту, судан өту (танкілер үшін) құралдарымен жабдықталуы мүмкінҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс