Қарулы күштердің құрылысының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасындағы әскери құрылыстың басты мақсаты мемлекеттің өмірлік маңызды ұлттық мүдделерін қазіргі сәттегі және ықтимал соғыс қатерінен қорғауды қамтамасыз етуге қабілетті, жақсы жаракталған, аса ұтқыр Қарулы Күштер құру болып табылады. Оның негізгі принциптері: Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери қүрылымдардың қызметіне пәрменді азаматтық бақылауды дара басшылык. жасау принципімен және әскерлерді басқаруды орталықтандырумен үйлесімді жетілдіру; әскерлердің (күштердің) ұйымдық құрылымының, жауынгерлік құрамы мен санының ықтимал соғыс қатерлеріне, Қарулы Күштерге жүктелген міндеттерге, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкестігі; жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ететін деңгейде ұстау; соғыс қатері үлғайған кезде жауынгерлік қуатты сайма-сай арттыруға қабілеттілік, жұмылдыру резервін күн ілгері даярлау; жалпы азаматтық құқықтар мен бостандықтарды сақтау, әскери қызметтің ерекшеліктеріне сәйкес әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету; әскери құрылыстың әлемдік тәжірибесін ескеру болып табылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери кұрылымдарының құрылысы мен дамуы мемлекеттік бағдарламаларға және жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс