Өспен — Қарағанды облысы Шет ауданындағы ауыл, Өспен ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылынан батысқа қарай 70 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен13351016 786 77,4 540 395 73,1 476 391 82,1

Тарихы Іргесі орыс көпесі Н.Ушаков ашқан мыс кен орнының негізінде 1847 жылы қаланған. XIX ғасырда Нілді болысының, кейіннен Нілді және басқа болыстар біріктіріліп, Асан Қайғы болысы ұйымдастырылған кезеңде осы болыстың орталығы болды. Асан Қайғы болысының негізінде 1928 жылы Асан қайғы ауданы құрылып, 1929 жылы С.Сейфуллиннің ұсынысымен Жаңаарқа аудандық болып қайта құрылғанда Успен руднигі деген атаумен осы ауданның құрамына кірді. Өспен кенішінде 1905 жылы желтоқсан айында ел тарихында елеулі орын алған жұмысшылар ереуілі болды (Кеніш жұмысшылырының ереуілдегі қойған талаптары: азық түлікті реттеп, киім кешек бөлсін; жұмысшылардың еңбек ақысын арттырсын; жұмысшылардың қазарма үйі оңдалсын; Ресейдегі мектептер үлгісімен жақын арада 4 бөлімді орыс - қазақ мектебі салынсын;). Сол кезеңде, яғни 1906-1909 жылдары Өспендегі мектепте қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі С.Сейфуллин оқыды. Қазақстандағы метталогения мектебінің негізін қалаушы, геология саласының көрнекті маманы Қаныш Сәтбаев Өспен мыс қорыту зауытында болып, онда ғылыми барлау жұмыстарын жүргізген.Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы елді мекендері