Жарық локаторы — бакыланатын объектінің қашыктығын жарыктың импульс сәулесі аркылы анықтауға мүмкіндік беретін қондырғы. Оның жұмыс принципі радиолокациялык станциядағы сияқты, одан айырмашылығы — жарық локаторы жоғары жиіліктегі сигнал диапазонын емес, көрінетін диапозондар не жарық локаторының инфрақызыл толқындарын пайдаланады. Танктерге, кемелерге, ұшақтарға, т.б. дейінгі ара қашықтықты анықтауға қолданылуы мұмкін. Жарық локаторы көмегімен өтуге қиын жерлердің топографиялық суреті жасалады. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс