Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сақтау — оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды ұзақ уақыт бойы белгілі мақсатта пайдалануға дайын күйінде ұстап тұруға қажетті шаралар жиынтығы. Арнайы сақтайтын орындарда, қоймалар мен базалардың арсеналдарында сақталады. Кемелерде оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар ватерлинияның төменгі жағында машина мен от жагатын бөлімдерден алыс орналасқан қоймаларда сақталады. Оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сақтаудың қауіпсіздігі соңғы үлгідегі тактикалық қызметті бұлжытпай қолдану нәтижесінде жүзеге асады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс