Әскери-құрылыс жасағы (Военно-строительный отряд) — құрылыс монтаж және дайындау жұмыстарын орындауға, құрылыс ұйымдарында, өнеркәсіп және ағаш дайындайтын кәсіпорындарда құрылыс материалдары мен детальдарын шығаруға арналған типті әскери-құрылыстық бөлім. Ол өнімді бригадалар болып табылатын взводтарға бөлінген бірнеше әскери-құрылыстық роталардан тұрады. Әскери-құрылыс жасағы құрылыстық немесе оған жақын мамандықтары бар әскери комисариаттар арқылы шақырылушылардан жинақталады. .Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс