Ұжымдық қауіпсіздік келісіміне қатысушы мемлекеттер әскерлерінің коалициялық топтастықтары () — ұжымдық қауіпсіздіктің бір аймақта орналасқан, ҰҚК-не катысушы мемлекеттердің қарулы күштерінің құрамынан бөлінген, бір басшылықтың қол астыла біріктірілген, алда болатын әскери (ұрыстық) қимылдардың мәніне сәйкес жайылған (орналасқан) ұрысқа даяр күштер мен құралдардың құрамдары. Ол ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күш пен құралдарын оперативтік-стратегиялық құру элементі болып келеді. Коалициялық топтастықтарды құру мен қолдануға байланысты міндеттерді, нақты құрамын, басқару жүйесін, материалдық-техникалық жабдықтау тәртібін және басқа мәселелерді Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі анықтайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс