Қырыққұдық — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Үлкен Шыған ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы − Жаркент қаласынан шығысқа қарай 10 км-дей жерде, ши, бұта аралас әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен шалғынды қоңыр топырақты жазықта орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен16451750 1771 101,2 849 853 100,5 901 918 101,9

Ауылда шаруа қожалықтары мен серіктестіктер жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, дәрігерлік-амбулаторлық пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Панфилов ауданы елді мекендері