Молдыбай Жолдыбаев (1900 жыл, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылы — 1973 жыл, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылы) — халық ақыны, жыршы.
Жасынан Жамбылға еліктеген. Жетісу ақындарының көбінен тәлім алған, жыр жаттап, өзі де шаршы топқа түскен. Жеке шығармаларын жазып, жинауды, жаюды құнттамаған. Республикалық айтыстарда М.Байбатыровпен, Ж. Жолдиновпен айтысқан. Айтыстары "Қазақтың қазіргі поэзиясы" (1973), "Жамбыл және халық поэзиясы" (1975) жинақтарында жарияланған. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:1900 жылы туғандар Санат:Жамбыл ауданында (Алматы облысы) туғандар Санат:1973 жылы қайтыс болғандар Санат:Жамбыл ауданында (Алматы облысы) қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан жыршылары Санат:Айтыс ақындары