Ават — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Ават ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-батысқа қарай 18 км жерде, Талғар өзенінің оң жағалауында, Іле Алатауының қоңыржай-ылғалды белдемінде жатыр.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен38115670 4314 76,1 2793 2130 76,3 2877 2184 75,9

Тарихы Іргесі 1964 жылы Абай құс өсіру өндірістік бірлестігі негізінде қаланды. 1983 жылдан асыл тұқымды құс өсіру кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Аватта "Ават" құс өсіру АҚ, Сеймар, Тукшир Әлше шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, тағы басқа мәдени және денсаулық сақтау мекемелері бар. Ават арқылы республикалық маңызы бар Алматы-Нарынқол және халықаралық маңызы бар Алматы-Жаркент автокөлік жолдары өтеді. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері