Рахат Астана футбол клубы — Қазақстан чемпионаттарында өнер көрсеткен Астана қаласындағы футбол клубы. 2008 жылы жабылып қалған.

Қазақстан чемпионаттарында 2003 жылы "Солтүстік-Шығыс" аймағында 12-ші орын алды. 2004 жылы осы аймақта шамалы ілгерілеп, бесінші орынға көтерілді.

2007 жылы Қазақстан бірінші лигасында соңғы рет ойнап, Солтүстік Шығыс аймақта 13-ші орында қалды.

Қазақстан кубогында 2003 жылғы Қазақстан кубогына "Жастар" деген атаумен қатысып, бірінші кезеңде "Есіл-Богатырь-2" клубын 1:0 есебімен ұтты. Бұл клубтың өз тарихындағы тұңғыш ресми ойыны болатын. Екінші кезеңде "Ертістен" 0:6 есебімен ойсырай ұтылды.

2004 жылғы кубоктық турнирде "Евразия" деген атпен ойнап, бірінші кезеңде Теміртаудың Болат-ЦСКА клубымен 3:3 есебімен тең түсті. Пенальтилер сериясында 0:3 есебімен ұтылып қалды. 2005 жылғы Қазақстан кубогында бірден екінші айналымнан бастап, тағы да "Ертістен" ойсырай ұтылды.

2006 жылы "Рахат" боп өзгертілді. Бұл маусымда да, 2007 жылы да 1/16 финалдан аса алмады. 2008 жылы клуб жабылды.

Клуб атауларының тарихы

«Жастар» (2003) «Евразия» (2004-2006) «Рахат-Центр» (2006) «Рахат» (2007-2008)

Сілтемелер

Санат:Қазақстан футбол клубтары Санат:Алфавит бойынша футбол клубтары Санат:2008 жылы жабылған футбол клубтары Санат:2003 жылы құрылған футбол клубтары