Радиометрлік барлау — иондандыру камералары, газ разрядтық және сцинтилляциялық есептегіштер мен т.б. аспаптар көмегімен атмосферадағы, жердегі және судағы сәулелену қарқынын өлшеуге негізделген барлау, геофизикалық барлаудың түрі. Радиоактивті рудалардың табылған орнын барлауды, сонымен қатар ядролық қару сынақтары зардабын, атомдық өндіріс кәсіпорындарының технологиялық және апаттық қалдықтарын анықтау үшін қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс