Қалдыбаев Ахметсафа, ауылы Қалдыбайұлы (1892, Сарқант ауданы, Қарабөғет ауылы — 30.12.1973, Семей қ.) - діндар, имам. Әкесі Қалдыбай Бұхара, Хиуа, Самарқант медреселерінде білім алған. 1905 ж. баласы Ахметсафаны Ташкенттегі Әбілқасымхан деген молданың медресесіне оқуға береді. Қалдыбаев Бұл медреседе 7 жыл оқып, араб, парсы, түрік тілдерін меңтеріп шығады. Лепсі өңірінде бала оқытып, молдалық қызметте жүрген Қ. 1929-30 ж. қуғынға ұшырап, мал-мүлкі тәркіленіп, жер аударылады. 1945-54 ж. Лепсі станциясында еңбек етеді. 1954-73 ж. Семей қаласындағы "Таныбай" мешітінде имам-хатиб болды. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер