Құрметті әскери күзет (Почетный эскорт) — әскери қызметшілерді жерлеу кезінде әскери құрмет көрсету үшін жасақталған әскер. Солдат (матрос) пен сержанттарды (старшиналарды) жерлеуде — бөлім, взвод; ал офицерлерді жерлеуде — взвод, рота; бөлім (құрама) командирлерін, генералдарды (адмиралдарды), сондай-ак, Кеңес Одағының батырын (Еңбек Ерін) жерлеуде — гарнизон бастығының (әскери комиссардың) ерекше нұсқауы бойынша қара таспалы тумен шығады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс