Қарқара – Іле алабындағы өзен.
Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 113 км, су жиналатын алқабы 1970 км².
Бастауы Бастауын Теріскей Алатауының солтүстік-шығыс беткейлерінен басталып (Ақтас, Қақпақ, Оралма, т.б. таулардан), Тиектас тұсынан Шарын өзеніне құяды.
Қарқара өзені үлкен және құнарлы, әйгілі Каркара алқабымен ағып өтеді (биіктігі 2000 м-ден астам), мал жаюға және ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге қолайлы жағдай жасалған, мықты климат бар. Қолайлы климаттың арқасында картоп пен бидайдан мол және тұрақты егін жиналды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар жылқы және қой өсірумен айналысады.
Гидрологиясы Жалпы ұзындығы 229 км болатын 140-тан астам салалары бар. Сондай-ақ өзен алабында 22 шағын көл орналасқан. Ірі салалары: Желқарқара, Көкжар (Қазақстанда), Тұрық, Шоң, Жалаңаш (Қырғызстанда), т.б. Аңғары тар, шатқалды. Қар және бұлақ суларымен қорланады. Жылдық орташа су ағымы 11.3 м³/сек. Ағаш ағызылады, егін суарылады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Райымбек ауданы өзендері Санат:Іле су алабы