Ақтоған — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Қаражота ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 89 км-дей, округ орталығы — Қаражота ауылынан 14 км-дей жерде. Шілік өзенінің төмен алабындағы ши, бұта, жусан аралас қамыс, құрақ, тағы басқа шөптесін өскен шалғынды-сазды топырақты шөлді жазықта орналасқан.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен9981281 848 66,2 653 439 67,2 628 409 65,1

Тарихы 1995 жылға дейін ауыл "Қызылжиде" деп аталған. 1962-1997 жылдары "Қызылжиде" кеңшарының бөлімшесі болды. Оның негізінде Ақтоғанда шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдш.-акушерлік пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері