Ұрысқа кірісуге байлам жасау () — командирдің кезекті ұрыста алға койылған міндеттерді орындауға қажетті күш, құралдар мен тәсілдерді анықтауы. Бөлімше командирі байлам жасауда қай қарсыласты және оны қалай жою керектігін, ұрыс реті құрылымын, қарамағындағылардың ұрыс міндеттерін және қолдау көрсететін бөлімшелер мен олардың бір-біріне көмектесу тәртібін анықтайды. Ұрыска кірісуге бел байлау бөлімшелерді басқару, дайындау, ұрыс жүргізу және оны жан-жақты қамтамасыз ету ісін ұйымдастырудың негізі болып табылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс