Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем — синтаксистік компоненттеріндегі баяндалған оқиға-әрекеттер бір-біріне қарама- қарсы қойылатын құрмалас сөйлем. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдегі қарсылықты мағына екі түрлі кұбылысты, іс-әрекетті, көріністі салыстыра баяндауға негізделеді. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің бір компонентінің баяндауышы болымды, енді бір компонентінің баяндауышы болымсыз тұлғада беріліп, қарама-қайшы мән туғызады. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер жасалу жолына бірнеше түрге бөлінеді: 1. Жалғаулықты, Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем— ол бірақ, дегенмен, әйтсе де, алайда, сонда да, әйткенмен сияқты жалғаулықтар арқылы жасалады. Мысалы: Дьяковен де жерде тіл табысып кетерміз деп дәмеленіп еді, бірақ ол ойлағаны болмады (Ә. Нүрпейісов). 2. Жалғаулықсыз, Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем - Мұнда оның компоненттері ешбір жалғаулықсыз іргелес, қатар жұмсалады. Мысалы: Мәмбет екінші рет тағы атайын деп еді, мылтығының шаппасы жүрмей тұрып алды (I. Жансүгіров). Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді Ахмет Байтұрсынұлы "Тіл — кұралында" қайырыңқы салалас сөйлем деп атаған (А. Байтұрсынов. Тілтағылымы. Алматы, 1992, 302-6).Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.
«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
Дереккөздер
Санат:Лингвистика
br:Frazenn liesrann de:Satzverknüpfung en:Compound sentence nl:Samengestelde zin ru:Сложносочинённое предложение sl:Priredje uk:Складносурядне речення