Етістікті сөз тіркестері — грамматикалық тірегі етістік болатын сөз тіркесі. Тіркес кұрамындағы басқа сөздер тірек етістіктің маңына топталады.
Етістікті сөз тіркестері: а) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері (Қожа кеш келіп, ерте кетуші еді (С. Көбеев); ә) меңгеріле байланысқан Е. с. т. (Байжан іске кірісті (Ғ. Мүсірепов) болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өз ішінен бірнеше топқа таралады. Қабыса байланысқан Етістікті сөз тіркестері: үстеулі сөз тіркестері, еліктеуіш сөз тіркестері, көсемшелі сөз тіркестері, сын есімді сөз тіркестері, сан есімді сөз тіркестері, зат есімді сөз тіркестері сияқты 6 топтан тұрады. Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері: табыс жалғаулы сөз тіркестері, барыс жалғаулы сөз тіркестері, шығыс жалғаулы сөз тіркестері, жатыс жалғаулы сөз тіркестері, көмектес жалғаулы сөз тіркестері, шылау сөзді тіркестер сияқты 6 топтан тұрады.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.
«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
Дереккөздер
Санат:Лингвистика