Жанама сабақты етістік— жанама септік формасындағы объектіге қимылдың ауысатынын білдіретін етістік. Жанама сабақты етістік сабақты етістіктер сияқты өзінін мағынасын ашатын объектілердің болуын қажет етеді. Қазақ тілінде жанама сабақты етістік деп аталатын етістік термині жоқ, бірақ бірқатар салт етістіктер етіс жұрнақтарын қабылдауы арқылы сабақты етістікке айналып, объектіге тікелей катысты болады. Мысалы, : оян — оят, жет — жеткіз, күл — күлдір.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.

«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

Дереккөздер

Санат:Лингвистика