thumb|right|200px|С.Сейфуллин кітапханасыthumb|right|200px|Мұражай Жаңаарқа (2020 жылға дейін — Атасу)Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы Атасу кентін қайта атау туралы – Ұлытау облысындағы кент, Жаңаарқа ауданының орталығы, темір жол стансасы.
Географиялық орны Облыс орталығы – Жезқазған қаласының солтүстік-шығысында 320 км жерде, Сарысу өзенінің салалары – Жақсы Сарысу мен Жаман Сарысу өзендерінің қосылған жерінде орналасқан.
Тарихы 1929 жылдан аудан орталығы, 1941 жылдан кент.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 14281 адам (6864 ер адам және 7417 әйел адам) болса, 2009 жылы 14265 адамды (6958 ер адам және 7307 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 17420 адамды (8644 ер адам және 8776 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Инфрақұрылымы Атасуда локомотив депосы, астық қабылдау пункті, сүт зауыты, агроөнеркәсіптік бірлестік, тұрмыстық комбинат, баспахана, 7 жалпы білім беретін және спорт мектептері, кәсіптік-техникалық училище, мәдениет үйі, мұражай, 4 клуб, стадион, емхана, аурухана, санэпидстанса бар. Атасу арқылы Жезқазған – Жарық – Қарағанды темір жолы, Қарағанды – Жезқазған, Жезқазған – Балқаш автомобиль жолдары өтеді. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері