Асқар Алтай (12 ақпан 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы) — қазақ жазушысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Өмірбаяны Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факульте-ін бітірген (1984).

Қызмет жолы Алматы облысы Күрті аудандық «Шұғыла» газетінде тілші, С. Мұқанов мұражай-үйінде кіші ғылыми қызметкер, Қазақ теледидары «Алатау» бағдарламасында жауапты редактор, « Жұлдыз » журналының әдеби сын бөлімінде редактор, бөлім меңгерушісі, «Ер-Дәулет» ақпараттық агенттігінде Бас редактордың орынбасары, Қаржы министрлігінің «Қаржы-қаражат» журналында Бас редактордың орынбасары, Бас редактор, «Білім» баспасында жетекші редактор, «Атамұра» баспасында редактор қызметін атқарған.

2004 жылдан бастап «Арда» баспасының директоры.

Шығармашылығы «Қыр мен қала хикаялары» атты повестер мен әңгімелер жинағы (1998), «Алтай новелласы» атты прозалық жинағы (2001), «Нарық нақыштары» (2003) және «Қызыл бөлтірік» (2006) атты ұжымдық жинақтарда прозалық шығармалары, «Казино» әңгімелер жинағы (2008) жарық көрген. «Қызыл бөлтірік» кітабы (повестер мен әңгімелер, 1997) Халықаралық Сорос қорының бас жүлдесі — грантын жеңіп алған.

Марапаттары Қазақстан жазушылар одағының Жастар арасындағы прозашылар форумының (1989, 1990), Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Қазақстанның ашық кітапханасындағы Асқар Алтайдың "Киллер сауысқан" атты шығармасы Асқар АЛТАЙ, жазушы: БҮГІНГІ ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ АҢЫЗҒА АЙНАЛАТЫНЫНА КҮМӘНІМ БАР "Жұлдыз" журналы (№ 1) 2012, ТУАЖАТ Дода "Қазақ әдебиеті" газеті №6 (3326) 8.02.2013 Толымбек ӘБДІРАЙЫМ: Көкбөрі рухты суреткер

Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан жазушылар одағы мүшелері