Жәнекешов Бисен — ақын, Батыс Қазақстан облысында Кеңес үкіметін орнату жолындағы күреске белсене қатысушы. 1918 жылдан РК(б)П мүшесі. 1916 ж. Уфа діни медресесін бітіріп, ауылда мұғалім болды. Қазан революциясынан кейін жергілікті жерде Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысты. 1918 ж. Қазақтың 1-ұлттық атты әскер полкына өз еркімен қосылды. Қазақ өлкелік соғыс комиссариатының саяси комиссары. 1919 ж. Қазақтың 1-үлгілі атты әскер полкінің сапында Азғыр, Нарын, Күйгенкөл, Шоңай, Қаракөл, Сайқын маңында ақ гвардияшылардың тұрақты әскери бөлімдерін талқандауға қатысты. Бөкей ордасы ауданың бір ауылы Жәнекешов есімімен аталады. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында танымал журналистер үшін Жәнекешов атындағы арнаулы жүлде тағайындалған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:1888 жылы туғандар Санат:1921 жылы қайтыс болғандар