Сахара Араб Демократиялық Республикасы қысқаша САДР (; ) — солтүстік-батыс Африкада орналасқан. Өзін тәуелсіз деп жариялаған, бірақ халықаралық деңгейде толықтай танылмаған.

Негізгі ақпараттар

Ресми атауы: Сахара Араб Демократиялық Республикасы (САДР) Астанасы: Тифирити (де-факто) Халқы: 267 405 (қазіргі уақытта қақтысыстарға байланысты нақты сан белгісіз) Тілі: Араб тілі Діні: Ислам (сүнни)

Тарихы 1975 жылы Испания батыс Сахарадан кеткеннен кейін, Марокко аймақты бақылауға алып, оны өзіне қосып, ал Алжир САДР-ды қолдады.

1976 жылы САДР жарияланды, оны ПОЛИСАРИО (Батыс Сахара халықтарының азаттығы үшін күрес) ұйымы басқарды.https://materiki.ru/zapadnaya-saxara-geografiya-istoriya-i-ekonomika/

1991 жылы тыныштық келісімі жасалды, бірақ 1999 жылдан бастап қақтығыстар жаңғырып кетті.

Геоографиясы САДР — Атлант мұхитынан оңтүстік-батысқа қарай ұзынша жазық жер.

Жер бедері көбінесе құмды шөл. Қарашаңғырлы көлдер мен вадилер (құрғақ арналар) бар.

Климаты өте ыстық және құрғақ. Жауын-шашын өте аз, жыл бойына шамамен 100 мм.

Өсімдіктер мен жануарлар әлемі: Жердің құрғақшылығына байланысты өсімдік жамылғысы өте сирек, негізінен шөлді өсімдіктер (еркекшөп, джузгун т.б.) кездеседі. Жануарлар әлемі де тартымды емес, кейбір жыландар, кеміргіштер және құстар кездеседі.

Табиғи ресурстары: Фосфат, темір, марганец, мұнай және газ қоры бар.

Аумақтық бөлінісі САДР екі бөлікке бөлінеді:

Шығыс Сахара: ПОЛИСАРИО бақылауындағы аймақ. Бұл жерде қиын жағдайлар болғандықтан, адамдар аз қоныстанған.

Батыс Сахара: Марокко бақылауындағы аймақ, оны Марокко өзінің оңтүстік провинциялары деп атайды. Дереккөздер

Сілтемелер

https://web.archive.org/web/20190520045150/http://www.polisario.es/

Санат:Сахара Араб Демократиялық Республикасы Санат:Солтүстік Африка