Мейрам Асылғазы - (7 қараша 1948 жыл, Павлодар облысы, Екібастұз, Ақкөл ауылы - 1999 жыл) - жазушы.
Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9 1978 жылға дейін Павлодар облыстық «Қызыл ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газетінде істеді. 1978 жылы «Жалын» баспасында редактор, кейіннен проза бөлімінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. 1991 жылдан 1995 жылға дейін «Өнер» баспасында Бас редактор болып істеді. 1997—1998 жылдары «Жібек жолы» баспа үйінде қызмет атқарды.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Республикалық басылымда алғаш рет «Балалар балалық жасапты» деген әңгімесі 1978 жылы «Жалын» альманахында жариялайды. Алғашқы әңгімелер жинағы 1980 жылы «Ауылдастар» 1986 жылы «Өзгеше бір күн» (повесть, әңгімелер) деген атпен жарық көрді. 1989 жылы Үндістан көсемі М.Гандидің өмірнамасын аударып, «Менің өмірім» деген атпен басылып шықты.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Асылғазы Мейрам Асылгазы Мейрам
Санат:7 қарашада туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Екібастұзда туғандар Санат:1999 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан жазушылары