Айташ Жұбанышәлиев — мәдениет қайраткері, шаруашылық басшысы. Ауыл мектебінде сауат ашқаннан кейін Бурабай орман техникумында (1927–1928), Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде (1931), Мәдениет институтында (1931–1933) оқыған. 1923–1938 жылдары Жәнібек, Орда, Қаратөбе, Камен ауданында түрлі қызметтерде, 1938, 1941–1943 жылдары Орал облысы театрының директоры, 1939–1941 жылдары Бөрлі ауданында кеңшар директоры, 1943–1949, 1961–1966 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының (Алматы) директоры, 1947–1950 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Өнер басқармасы бастығының орынбасары. 1950–1953 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрының директоры,

1953–1955 жылдары Мәдениет министрлігінің басқарма бастығы. 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8 Дереккөздер

Санат:1906 жылы туғандар Санат:1990 жылы қайтыс болғандар