Елена Ивановна Андреева (12.8.1927 ж.т., Ресей, Брянск облысы Вятков ауданы Цементный зауыт кенті) – биология ғылымдарының кандидаты ҚазМУ-ды бітірген (1952).

1957–1985 ж. Қазақстан ғылым академиясының Ботаника институтында кіші, аға ғылым қызметкер болды. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер флорасын зерттеуге арналған.

Андреева Қазақстанда өсетін қыналардың таралу тәртібіне жіктеу жасап, қына флорасының Қазақстан жерінде қалыптасу тарихын зерттеді. Қыналардың ғылымға белгісіз 21 түрін, 13 туысын, 11 тұқымдасын, 6 формасын тауып, оларға сипаттама берді. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1987).Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1927 жылы туғандар Санат:Ресейде туғандар Санат:Қазақстан биологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері