Ерсайын Қайырлыұлы Жапақов (15.1.1961 ж.т., Ресей, Саратов облысы, Александров Гай ауданы, Александров Гай ст.) — журналист, суретші, әуесқой композитор.

1978 ж. Бөкей ордасы ауданының Байқұтты ауылындағы орта мектепті бітірген. 1987 ж. ҚазМУ-дің журналистика ф-тін бітірген. 1987-94 ж. аралығында республикалық газеттерде жұмыс істеді.

Суреттері 1995 жылдан сурет салумен айналысады, оның сыршырайлы (живопись) картиналары Алматы қаласындағы «Ойпішімнен - Мамыражайға» (1998), «Мамыражай-1» (1999), «Өнердің құлақкесті құлы(В.Ван Гог) немесе Жаңа үшінші мыңжылдықты қарсы алу» (1999) атты дербес көрмелерін, сондай-ақ Лиссабон (Португалия) қаласындағы «Шабыттың шалқар бастауы» (1998) атты халықар. көрмеге қойылды. Дадаизм әдібімен бейнелеген көптеген туындылары отандық және шетелдік коллекционерлердің қорына алынған. Әндері Сонымен бірге Ерсайын өлең жазып, ән шығарады. Оның «Наурыз», «Аңсарым», «Тұран елі» атты хиттары республикалық жұртшылығына танымал «Үркер» тобының репертуарынан тұрақты орын иеленді.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:15 қаңтарда туғандар Санат:1961 жылы туғандар Санат:Александров Гай ауданында туғандар Санат:Қазақстан журналистері Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері