Кәдімгі еркекқырыққұлақ (Pteridium aquilinum) — улы, көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамыры ұзын, жайылған. Биіктігі 50-100 см. Жапырағы екі қатарда орналасқан, жылына 1 рет өсіп, дамып отырады. Олар екі-үш жерден тарамдалып бөлінген. Сағағы ұзын, жуан. Спорангийі үздіксіз, спорасы қоңырқай. Облыстың Амангелді шұратында, алебастр зауытының маңындағы орманда өседі. Сирек кездесетін өсімдік. Шілде-тамызда жетілетін спораларымен көбейеді.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Қырыққұлақтәрізділер