Асқар Ғаниұлы Қалиев - 1972 жылы 12 мамырда Алматы қаласында туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-ді бітірген, социолог, социология оқытушысы. Э.ғ.к.(1999).
1994-95 жылдары - «Айтим» фирмасы» ЖШС менеджері. 1995 жылы - ҚР Экспорттық-импорттық банкінің шетелдік несиелерге қызмет көрсетудің бірінші департаменті басқармасының маманы, ҚР СІМ Еуропа елдерінің жетекші басқармасының референті.
1995-98 жылдары - Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінде (Вена қаласы) атташе, үшінші хатшы.
1998-99 жылдары - Қазақстан Республикасы СІМ бірінші департаментінің халықаралық қауіпсіздік және қару-жарақты бақылау басқармасының үшінші хатшысы.
1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы СІМ халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы.
2000-01 жылдары - Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрлігі сыртқы байланыстар департаментінің көпжаты ынтымақтастық басқармасының бастығы.
2001-06 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы.
2006 жылдан - «Экспортты кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы. «ҚР-ның Тәуелсіздігіне 10 жыл» күніне орай (2001), «Тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі үшін» (2005) ҚР Президентінің Алғыс хаттарын алған.
Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Ақылдылық».
Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: '«Жауапкершілік».
Қазақстан қаржы аясына талдау: «қаржы нарығы серпінді дамып, қазіргі заманғы қаржы құралдары енгізілуде. Бұл жалпы экономиканың өсуіне мүмкіндік бермек»''.Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X
Дереккөздер