Мырзағали Қожағұлұлы Ысмағулов - 1950 жылы 7 қарашада Талдықорған облысы Қапал ауданы Қоңыр ауылында туған. 1975 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ді бітірген, математик.

1968-69 жылдары - «Қазгипрокоммунқұрылыс» жұмысшысы.

1969-70 жылдары - Үкімет Үйі Басқармасының слесарі.

1970-75 жылдары - Қазақ энергетика ҒЗИ аға лаборанты.

1975-91 жылдары - ҚазКСР Мемлекеттік сақтандырудың автоматтандырылған өңдеу бөлімінің бастығы.

1991-92 жылдары - «ВТО» ШК директоры.

1992-94 жылдары - «Трансойл» сақтандыру компаниясы» АҚ бөлімінің бастығынан Басқарма төрағасына дейін.

1994 жылдан - «Трансойл» сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы. «КСРО-дағы мемлекеттік сақтандыруға 70 жыл» мерейтойлық естелік белгісімен (1991) және т.б. естелік белгілерімен марапатталған.

Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Әділдік, жауапкершілік».

Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Көргенділік, мақсаткерлік, жанасқыштық».

Қазақстан қаржы аясына талдау: «Бүгінгі таңда экономиканың сақтандыру секторы белгілі бір даму деңгейіне қол жеткізді. Сонымен бірге, ел экономикасының қазіргі даму кезеңі сақтандыру индустриясы алдында жаңа мақсат-міндеттер қойып отыр. Тәуекелдерді басқарудың тиімді нарықтық механизмдерінің бірі - сақтандырудың дамуы экономиканың басқа да салаларының тұрақты дамуына септігін тигізеді».Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар