Дәнектілер (Bruchidae немесе Lariidae) — түрлі жегіш отряд тармағының тұқымдастарының қоңызы. Денесі қысқа, дөңестеу, 2-6 мм, қара немесе қоңыр, ақшыл, түкті. Дернәсілдері ірi, аяқсыз, ақ басы қоңыр. 1200 түрі белгілі, олардың 120 ТМД-да таралған. Фитофагтарға жатады. Бұршаққаптылардың, шырмауықтардың, шатыршагүлділердің және т. б. дәнінде дамиды. Ересектері жұмыртқаларын бұршақтылардың гүліне немесе бұршаққапқа салады, ал дернәсілдері дәнге еніп, дамиды.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Қатты қанаттылар