Эрлан Қадырқұлұлы Бажанов - 1975 жылы 15 маусымда Бішкек қаласында туған. 1996 жылы ҚазМБА-ны бітірген, экономист.

1996-98 жылдары - «Еуразиялы банк» ЖАҚ экономикалы талдау және ақша айналымы бөлімінің жетекші маманы, экономикалық талдау және перспективалы даму департаментінің директоры.

1998-2001 жылдары «Бизнесбанк» ААҚ несие басқармасының бас менеджері, «Банк «Береке» ААҚ валюта бөлімінің жетекші маманы, «ТрансАзиялы Сауда Банкі» ААҚ экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің жетекші экономисі, бастығы, Басқарма төрағасы.

2001 жылдан - «ТАТ» НС» ЖШС Басқарма төрағасы.

Жұмыстағы негізгі ұстанымы: «Жүйелілік».

Іскер адамның бойындағы құнды қасиеттер: «Кәсіпқойлы, әділдік».

Қазақстан қаржы аясына талдау: «Қаржы нарығында тұрақты өсім мен даму байқалады, ол туралы өз ұйымымызға қарап айтуға болады».Қазақстан бизнес - кітабы. Қаржы. – Алматы, ЖШС “Алматы баспа үйі,” 2006 ISBN 9965-9865-5-X

Дереккөздер

Санат:1975 жылы туғандар Санат:Қазақстан банкирлері