Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы - көркемдігі жоғары әдеби шығармалар жазған жас қаламгерлерге 1964 жылдан бастап, екі жылда бір рет беріліп келеді. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаттары: (1964-1990), О.Сүлейменов - "Адамға табын, Жер енді!" поэмасы мен "Нұрлы түндер", "Қылықты түн" өлең кітаптары үшін, Ә.Әлімжанов - "Керуен күнге қарай жол тартты" және "Көгілдір таулар" повестері үшін, С.Ерубаев (марқұм) - "Менің құрдастарым" романы мен "Мәңгілік өмір", "Соғыс туралы" новеллалары, балладалары үшін, Қ.Мырза Әлі -"Арманқанатында", Ж.Нәжмеденов - "Жаңа дәптер" өлеңдер жинағы үшін, Н.Лушникова - "Көңіл-күй"және "Туған жер" өлеңдер жинағы үшін, М.Шаханов - "Танакөз" поэмасы үшін, Т.Айбергенов (марқұм) - "Құмдағы мұнара" өлеңдер жинағы үшін, С.Әшімбаев - "Сын мұраты" әдеби сын кітабы үшін, О.Бөкеев - "Құлыным менің" пьесасы үішін, К.Ахметова - "Сен менің бақытымсың" өлеңдер жинағы үшін, Р.Сейсенбаев - "Өзімді іздеп жүрмін" әңгімелер мен повестер жинағы үшін, Б.Мұқай - "Аққу сазы" повестер жинағы мен "Қош бол, менің ертегім" пьесасы үшін, А.Егеубаев - " Сыр мен сымбат" кітабы мен "Құс жолы" өлеңдер жинағы үшін, Ү.Есдәулетов - "Ақ керуен" кітабы үшін, Б.Қанапьянов - "Дүние сезімі", "Бұтақ" өлендер кітабы және "Сөз соңы" поэмасы үшін, Б.Серікбаев - "Тіршілік ұясы" жыр жинағы үшін, Е.Асқаров–халықтың ауызша шығармғын дамытудағы үлкен үлесі үшін, Е.Раушанов - "Шолпан жұлдыз туғанша" өлеңдер жинағы үшін, Т.Шапай - "Ой түбінде жатқан сөз" кітабы үшін.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:Қазақстан әдебиеті