Queen - («Куин» - )— 70-80 жылдары аса танымал және күні бүгінге дейін миллиондаған жанкүйерлері бар британ рок-тобы. Queen тобының ең белгілі әндеріне «Bohemian Rhapsody», «We Will Rock You», «We Are the Champions», «A Kind of Magic», «Show Must Go On» сияқты классикалық рок-хиттар жатады. Үлкен атаққа Queen музыканттарының түсірген бейнеклиптері ие, тіпті бейнеклиптердің бірі музыка тарихындағы алғашқы клип болды («Bohemian Rhapsody» әнінің клибі). Одан басқа, «Queen» тобы бүкіл рок тарихындағы ең ұлы концерттік топтардың бірі деген атаққа ие.

Топ құрамы

Фредди Меркьюри (Freddie Mercury, 1946-1991) — фортепиано және вокал. «Killer Queen», «Bohemian Rhapsody», «Somebody to Love», «We Are the Champions», «Crazy Little Thing Called Love». Брайан Мэй (Brian May, 1947) — гитаралар. «We Will Rock You», «Tie Your Mother Down», «Who Wants to Live Forever», «Hammer To Fall», «I Want It All» және басқа да әндердің авторы. Джон Дикон (John Deacon, 1951) — бас-гитара, ритм-гитара. «You're My Best Friend», «Another One Bites the Dust», «I Want to Break Free» және басқа да әндердің авторы. Роджер Тэйлор (Roger Taylor, 1949) — соқпалы аспаптар. «Radio Ga Ga», «Heaven for Everyone», «A Kind of Magic» және басқа да әндердің авторы.

Пайда болуы Топ тарихы 1968 жылы, Брайан Мэй және Тим Стаффел атты екі студенттің «Smile» тобын жасаудан басталады. Брайан өзі оқитын «Империал колледж» қабырғасына хабарландыру іліп қояды. Онда топқа соқпалы аспапта Митч Митчелл және Джинджер Бейкердей ойнайтын адам керектігі жазылған болатын. Сол хабарландыру бойынша студент-дантист Роджер Тэйлор хабарласты. Ол Мэй мен Стаффелді соқпалы аспапты сазына дәл келтіруімен таң қалдырып, ең дұрыс нұсқа болып көрінді. «Smile» тобының ең биік жетістігі «Pink Floyd» тобының шығарының алдында халықты жылытуы болды. Бірақ күрделі оқу мен қандай да бір менеджменттің болмағандығынан, 1970 жылы трио тарап кетті: Тим Стаффел топтан кетіп қалды.

Бірақ Мэй және Тейлор музыкалық өнерлерін қалдырғылары келмеген, кейін өздерінің шығармашылық ойларын досы және сыныптасы Фредди (Фарух) Булсарамен бөлісті. Ол «Smile» тобының орындауларына жиі баратын, бірақ Мэй және Стаффел оның ән айта алатынын тіптен білмеген. Фреддидің ойында анық орындау жоспарлары мен топтың сахналық жұмыстары болды. Ол топқа жаңа «Queen» атын ойлап тапты, өзіне Фредди Меркьюри лақап атын алды. Ендігі жерде топ вокалшы-клавишник, гитарист және соқпалы аспапшыдан тұрды.

Алғашқыда бас-гитарист роліне Роджер Тейлордың «The Reaction» Корнуоль тобындағы танысы Майк Гроуз шақырылды, ол алғашқы екі концертте ойнады (27 маусымда Труро қаласының Қалалық залында және 12 шілдеде «Империал колледжде»). Кейініректе оны Барри Митчелл ауыстырды. Бірақ музыкалық бизнестен шаршаған Барри, топты 1971 жылы тастады. Топтың келесі басисті Даг Боги небәрі екі орындаудан соң кетіп қалған. Бірақ 1971 жылдың ақпанында Брайан Мэй мен Роджер Тейлор лондонның дискотекасында сол жылдары тәжірибелі басист Джон Диконмен танысты. Ол туған қаласы Лестерден оқу үшін Лондонға келген болатын. Оны тыңдағаннан кейін, ол топқа басист болып кіріп, 21 жыл бойы өзгермеген құрам тарихы осылайша басталды.

Шығармашылық кезеңдері 1970-ші жылдар 1971 жылдан бастап 1979 жылға дейін өзге коллективтердің ықпалын сезуге болады. Жылдан жылға ол азырақ сезіледі, бірақ жетпісінші жылдарда білінеді. Фреддидің өзі айтқандай, олардың тобы «Led Zeppelin» және Джими Хендрикс сияқтыларға қарап өсті.

1973 — «Queen» тобының алғашқы альбомына «Smile» триосының «Doing All Right» әні енгізілген. Диск негізі — «Queen» тобының алғашқы синглы «Keep Yourself Alive» болды. Альбом атаққа ие бола қойған жоқ, бірақ ол жабырқауға себеп болмады. Бұл альбом екі жыл бойы студияның бос кезінде жазылған болатын. Альбомның проблемасын Брайанның гепатиті тереңдетті. Дегенмен де, бұл альбомды топтың құлдырауы деп қарамау керек — ол парадтарда көтерілмегенмен, шетке ысырылып тасталған жоқ. «Queen» Ұлыбританияда, Германияда және Люксембургте алғаш дербес концерттер қоя бастайды. Оған дейін олар басқа топтардың алдында көрермендерді жылытушы ретінде қатынасқан.

1974 — «Queen II» критиктердің жағымсыз пікірлеріне қарамастан британ хит-парадын жарып өтіп 5 орынға көтерілді. Альбом шикілік пен жалтақтаушылық үшін айыпталды, бірақ соған қарамастан, тек осы кемшіліктері үшін Брайан Мэй бұл альбомды топтың үздік альбомы деп атайды. «Sheer Heart Attack» Британияда екінші орынға жетті. Альбомның үздік әндері («Killer Queen», «Flick Of The Wrist») топтың ең үздік әндеріне жатады, ал «Stone Cold Crazy» әні хэви-металдың классикасы болып саналады (кейін ол «Metallica» тобының репертуарына кірді). Топ австралиялық Sunbury Music Festival-ға қатысады да Швеция және Финляндияда алғашқы концерттер қоя бастайды.

1975 — «A Night At The Opera» альбомын «Queen» тобының ұлы шығармасы деп аталады. Көпшілік оны рок-музыка тарихындағы ең үздік альбомдардың бірі деп атайды.едением «Queen». Многие считают его одним из лучших альбомов в истории рок-музыки вообще. Бұл күйтабақ тіпті ерекше болды — ашық, әуенді, рояльдың көп пайдаланылуы, — ол рок-музыканың танылмаған жаңа парағын ашып берді. Біздің заманда жетпісінші жылдардың стилін кейіптейді. Әндердің бір бөлігі клавишалық аспаптар үшін жазылған, бірақ, «Love Of My Life» бұдан әрмен альбомдық версияда ешқашан орындалған емес, концерттерде Брайан Мэйдің 12 пернелі жартылай акустикасының сүйемелдеуімен орындалып жүрді. Бұл әннің концерттік нұсқасы альбомдағыдан тәуірірек шықты, бірақ бұл олқылық ол заманда актуалды емес еді.

Ал альбомның ең белгілі әні «Bohemian Rhapsody» болды. Бұл ұзақ, бесминуттық, рок-поп-опера, кей жерлерде фольклор қосылған композицияның белгілі болуы, онымен қоймай хит-парадтардың алғашқы орындарына көтерілуі мүмкін еместей көрінетін. Ол кезде үш минуттық ән стандарт болатын, бірақ Queen бұл ұзақтығы бесминуттық, ширек ғасырдан соң Британияда мыңжылдық әні болып танылатын біртуманы шығаруға қорыққан жоқ. «Bohemian Rhapsody» видеосының алғашқы бейнеклип екенін де айта кеткен жөн. Әнге видеоны бұған дейін де шығарған, бірақ бұл жағдай — арнайы біріктірілген бейнелеудің, эффекттің және әуеннің мысалы. Клипте қазіргі заманда қарапайым көрінетін оптикалық арнайы эффекттер пайдаланылған: алтыбұрышты призма арқылы түсіру және музыканттардың жүздерін дубляждау. Бірақ, айта кету керек, бүгінгі таңда да клиптердің барлығы осындай талғаммен түсірілген. Осы альбомға байланысты тағы да «You’re My Best Friend» және «Love Of My Life» әндеріне бейнеклиптер түсірілген, соңғысы гитараның сүйемелдеуімен орындалған концерттік нұсқа түрінде. Альбомды қолдау мақсатымен Queen АҚШ-та, Канадада, Жапонияда және өз елінде концерттер қояды.

1976 — «A Day at the Races» тағы да критиктердің ашу-ызасына тап болды. «Queen»-ді «A Night At The Opera» альбомын жеміссіз қайталау әрекеті үшін айыптады, және де алдыңғы альбомның ықпалы анық көрініп тұр. Брайан Мэйдің айтуы бойынша барлық әндер бір уақытта дайындалған, тек бір бөлігі 1975 жылы, бір бөлігі 1976 шықты. Қалай болғанда да, екі альбомның ұқсастығыны күмән тудырмайды, оның үстіне «A Day At The Races» британ чартында алғашқы орынға шықты, ол «Somebody To Love» Меркьюридің сүйікті әні болды. Одан бері «Tie Your Mother Down» концерттердің көпшілігінде орындалды. Және де «Somebody To Love» және «Good Old Fashioned Lover Boy» әндеріне бейнеклиптер түсірілді. Бұның бәрі бір жылдан кейін ауысқалы тұрған бағыттағы «жетпісінші». Одан басқа топ Гайд Паркта өте үлкен (170000 адам жиналған), тегін концерт қояды, Шотландия, АҚШ, Жапония, тіпті Аустралия елдеріне турнемен шығады.

1977 — «News of the World», шамасы, Queen тобының шығармашылығындағы «сексенінші» стильдің жаңа көріне бастаған күйтабағы, жаңа ән жалпы алғанда агрессивті, хард-рокқа жақын. Дегенмен кейбір келіссіздіктер орын алды — альбомның үшінші әнінің орны анық «Sheer Heart Attack» альбомында, ал «Sleeping On The Side Walk» әнін топтың біртумасына жатқызуға әсте болмайды. Бұл күйтабақ топқа «We Will Rock You» және «We Are The Champions» суперхиттарын әкелді, бірақ басқа жағынан альбом сәтті бола қойған жоқ: Британия үшінші, АҚШ-та төртінші. Топ концерттерімен Швецияға қайтады, Солтүстік Америка мен Еуропаға турлар жасайды.

1978 — «Jazz» — топтың ең жанжалды альбомы. Ол кей түрде «попса» үшін айыпталса, ең әжептәуір сын «Bicycle Race» клибіне айтылды. Порнографиялық делініп, АҚШ-та клипті қоюға тиым салынды. Топ рухтан ада болып жарияланып, ол тыңдармандарының бір бөлігінен айырылып қалды. Бұған «Fat Bottomed Girls» клибі де «көмектесті».

Күйтабақта алғашқы тұрған «Mustafa» да түсініксіз қалды. Негізінде мәтіні араб тілінде жазылған, және back-vocal болып жүреді. Бұл туынды біріне бірі қарама-қайшы пікірлер тудыруда: бірі оны попсалы, билеу фонограммасы деп санаса, енді біреулері одан жасырынған терең сыр табады. Қай жақтың да бұл дауға деген қатысының артық екені көрініп тұр. «Let Me Entertain You» әні хэви-металға жақын, бірақ альбомға өте жақсы енгізіліп тұр. «Dreamers Ball» орынсыз көрінгенімен, өте әдемі. Күйтабақтың ең жақсы әні «Don’t Stop Me Now» — әннің авторы Фредди Меркьюри. Альбомның стильді мұқабасын шабыттаған суретті музыканттар Берлин қабырғасынан қалаға жасаған сапарында көрген. Сынға қарамастан, «Jazz» Британия да екінші орынға, АҚШ-та алтыншы орынға шықты.

1979 — «Live Killers» Queen тобының ең белгілі әндері кірген концерттік топтамасы жарық көрді. Музыканттар өздерін концертке арнағандықтан жаңа альбом шықпайды. Сол кезде Фредди, «The Game» альбомына кіретін «Crazy Little Thing Called Love» әнін алғаш рет сахнаға гитарамен шығып орындайды. Бірақ бір жылдан кейін тыңдармандар тіптен басқа, 80-ші жылдардың рок-музыкасының бетке ұстары болып әлі күнге шейін әлемдегі ең атышулы коллектив болып табылатын «Queen» тобын көреді.

1980-ші жылдар

1980 жылдан бастап «Queen» шығармашылығында жаңа мерзім басталады. Алдағы 6 жыл ішінде топ өзінің өткен онжылдығынан тіпті өзгеше өзіндік стилін дамыта бастайды. Топ глэм-роктан жайлап шегінді, ал Меркьюри болса өзінің сол кезге дейінгі сахналық бейнесімен қоштасты: шашын қиды, мұрт қойды, трикода шығуын қойып, көпшілікке танымал кейпіне келді.

1980 — «The Game» альбомы шықты. Ол топтың шығармашылығында ғана емес, тіпті бүкіл рок-музыкада жаңа эра ашты. Фредди оны топтың ең үздік альбомы деп санады. Топ альбомға жаңадан синтезатор қосып, жаңа әуен қосты. Бұған дейін синтезаторлар стильге және дыбысқа келіспейтін аспап ретінде саналып келген, оны Брайанның «Red Special» гитарасы ерекше полифониялық дыбытарымен ауыстырып жүрген болатын. Бұл күйтабақтағы әндер барлық концерттерде ойналып жүрді, ал кейбірі топтың біртуарлар қатарына енді.

Күйтабақтың алғашқы — «Play The Game» әні сәл ерекше клиппен жалғасты. Артқы көріністе ішінен музыканттар шыққан от жанып жатыр — бұл графиканың алған пайдаланылуы. «Play The Game»-нің концерттік нұсқасын Меркьюри рояльда ойнады. Диконның «Another One Bites the Dust» әні ерекше құрметке ие болды. Бұл біртуар шығарма топқа тән емес стильге жатқызылады. Оны диско-фанк деп атауға болады. «Another One Bites the Dust» — топтың ең үздік әндерінің бірі екені анық, ерекше бас ойналымы мен вокалмен жатталынып қалады. Фредди бұл әнді қатты сүйетін, әрі қарай альбом осы әннің есебімен жасалды. Ой өзін ақтады — «The Game» жай әндер топтамасы болмай, белгілі бір тақырыпта дамыды. Сол кездері топ Флэш Гордон фантастикалық фильміне әндер жазады.

1981 — «Greatest Hits» топтамасы жарық көреді. Дэвид Боуимен бірге «Under Pressure» әні жазылады, әзірге ол сингл түрінде шыққанымен Англия және тағы да бірқатар елдерде бірінші орындарға ие.

1982 жыл топ үшін ірі концерттік турнемен өтті: Queen Ұлыбританияда, Батыс Еуропада, АҚШ-та және Жапонияда 70-тен астам концерттер қойды. Басты хиті «Under Pressure» болған «Hot Space» альбомы шықты. Британия телевидениесі 2004 жылы жарық көретін «Queen On Fire: Live At The Bowl» концерті жайлы фильм түсіреді.

1983 — топ азғантай уақытқа өзінің жұмысын тоқтатып, музыканттар жеке жобаларына кірісіп кетеді.