Құрамысов Ізмұқан (1896, Орынбор губeрниясы, Ақбұлақ уезі, Томарөткел ауылы — 25.2.1938) мемлекет қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны.
1934 жылы ақпаннан ҚК(б)П Батыс Қазақстан облысы комитетінің 1-хатшысы. 1937 жылы шілдеден Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп халық комиссарының 1-орынбасары, сол жылғы тамыздан Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, ҚК(б)П ОК мүшесі. 1937 жылы қазан айында «халық жауы» деген айыппен ҚК(б)П ОК мүшелігінен, БК(б)П қатарынан шығарылып, қызметтен босатылып, тұтқындалды. КСРО Жоғары соты әскери коллегиясының 1938 жылы 25 ақпандағы қаулысымен «контрреволюциялық ұлттық-фашистік ұйым құрып, басқарды» деген айып тағылып атылды. КСРО Жоғары соты әскери коллегиясының 1957 жылы 9 маусымдағы ұйғарымымен ақталды.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:1896 жылы туғандар Санат:25 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Томарөткелде туғандар Санат:Орынбор губерниясында туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан КП Орал облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:КСРО-да қуғындалған партиялық орган басшылары Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:1936 жылы өлімге кесілгендер Санат:БК(б)П Қазақстан өлкелік комитеттерінің екінші хатшылары