Василий Ефимович Скоробогатов (14.4.1921 ж.т., Ақтөбе облысы Александровка а.) - жазушы.

Ақтөбе педагогикалық училищесін бітірген соң, мектепте мұғалім, аудандық газетте жауапты хатшы болып жұмыс істеген. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1955 ж. КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебінің журналистика факультетін бітіріп, облыстық "Актюбинская правда", "Ленинское знамя" (Петропавловск), республикалық "Казахстанская правда" газетінде редактордың орынбасары болып қызмет атқарды. 1968 - 85 ж. Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекет к-ті төрағасының бірінші орынбасары болды.

Қызыл Жұлдыз, II дәрежелі Отан соғысы, екі рет "Қүрмет белгісі", "Халықтар достығы" (1981) орденімен, екі рет Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағы берілген.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:14 сәуірде туғандар Санат:1921 жылы туғандар Санат:Ақтөбе облысында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері