Гүлсім Мағзұмқызы Әзімжанова (20.6.1948 жыл,, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Кеңтармақ ауылы) – филология ғылымдарының докторы (2007).
Алматы педагогикалық шет тілдер институтының неміс тілі факультетін (1972, қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) бітірген соң осында оқытушы, аға оқытушы, доцент (1972–2000), ал 2000 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясында доцент, профессор қызметтерін атқарады.
«Қазақ көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуеті» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Әзімжанова стилистика мен лингвистика салалары бойынша 60-қа жуық ғылыми жарияланымның, оның ішінде монография мен әдістемелік-оқу құралдарының авторы. Шығармалары: «Қазақ көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуеті», 2006; «Повтор глагольных форм как стилистическая категория в художественной прозе казахского языка», 1994; «Қазақша сөйлесе білейік», 1998; «Етістік – көріктеу құралы», 1999Қазақ энциклопедиясы Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
Санат:20 маусымда туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Жарма ауданында туғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті түлектері Санат:Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті оқытушылары Санат:Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы оқытушылары Санат:Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясының профессорлары