Балташ Ысқақов (1.1.1915 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Жаңасемей ауданы Жоламан ауылы - 29.11.1987, Алматы) - ғалым, фольклортанушы, сазгер, филология ғылым кандидаты (1960). Семейде Қазақ педагогика техникумын (1932), ҚазҮПУ-ды (1937) бітірген. 1931 - 1932 жылдары Сол кездегі Семей облыстық "Социалды Шығыс" газетінде, 1932 - 1933 жылдары Ташкентте қазақ тілінде шыққан "Алға" газетінде әдеби қызметкер, 1939 - 1945 жылдары Семей педагогика институтында оқытушы, 1941 - 1942 жылдары Семей облысы "Екпінді газетінде бөлім меңгеруішісі, 1942 - 1943 жылдары Абайдың әдеби мүражайының ғылым хатшысы қызметтерін атқарған. 1945 - 1952 жылдары Семей педагогика институты тіл- әдебиет факультетінің аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, деканы, 1952 - 1954 жылдары Өскемен педагогика институтының аға окытушысы. 1954 - 1958 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Тароағатай ауданы Акжар ауылындағы орта мектеп директоры, 1958 - 1959 жылдары Семей облыстық халық ағарту бөлімінің инспекторы. 1959 - 1978 жылдары Әдебиет және өнер институтының аға ғылым кызметкері, 1978 - 1980 жылдары Қазақстанның тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесінің бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 200-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. 3 томдық "Айтыс" (1965 - 66), 3 томдық "Қазақ ертегілері" (1962,1964), "Пернедегі термелер" (1965), "Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы" (1-3 томдар) кітаптарын қүрастырушылардың бірі. Ауыз әдебиетінің жүздеген үлгілерінің текстологиясын жасап, жинақтарда, баспасөзде жариялаған. "Қорқыт ата кітабын" түрік тілінен аударған (1994). Бірнеше әндері бар.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Балташ Ысқақов · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.