Кәдірбек Төлеуұлы Демесінов (5 наурыз 1952 жыл, Үлгі ауылы, Ақсу ауданы, Алматы облысы) — кеңестік және қазақстандық актёр, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Құрмет орденінің иегері (2017), Ерен еңбегі үшін медалінің иегері (2007).

Жалпы мәлімметтер Қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын (бұрынғы Алматы мемлекеттік консерваториясын)ның "актерлік" бөілімін бітіріген. (1973). Сол жылдан Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында талмай еңбек етіп келеді. Алғашқы ролі Қ.Сатыбалдиннің "Ұзақ жолындағы" Асан (1973; реж. В.Пұсырманов). Актер ойынына табиғи шынайылық пен актерлік шеберлік, әдемі юмор тән. Демесінов қазақ теледидарындағы "Алтыбақан", "Қымызхана", "Әлем ертегілері", т.б. драмалық спек-такльдерге, "Тамаша" ойын-сауык хабарына түсіп, Қазақ радиосында жұмыс істеген.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Марапаттары 1996 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағы берілді. 2007 жылы «Ерен еңбегі үшін медалі» 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медальі; Қазақстанның "Еңбек ардагері" медальінің иегері. 2017 жылы Мәдениет министрінің қолынан Құрмет орденімен марапатталды.

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры тұлғалары