Дивертисмент - 1) би нөмірлерінен, әндерден, кейде жеке музыкалық нөмірлерден тұратын ойын-сауық көріністері. Дивертисмент спектакль (драма, опера және т.б.) көріністеріне қосымша ретінде шығарма ортасында немесе соңында орындалады. 2) Опера, балет және симфонияда, бұл шығармалардың мазмұнына тікелей байланысы жоқ, дербес би сюитасы. 3) Аспаптық ансамбль, оркестр үшін жазылған (серенада сипатты) сауықшылдық сюита. 4) Попурри, вариация сипаттас жеңіл, виртуозды мінездегі музыкалық пьеса.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Музыкалық терминдер Санат:Музыкалық формалар Санат:Опералық терминдер Санат:Музыкалық шығармалар Санат:Музыка жанрлары Санат:Сахналық өнер