Тырнақты құйрықты бақалар () – бұрыштістілер тұқымы. Ұзындығы 21 см дейін жетеді. Жұмыр, білік тәрізді денесімен құйрығының екі жағының терісі көлденең айғыздалған. Өкпесі жоқ, ересек бақалар терісімен және ауыз, көмей кілегей қабықтары арқылы тыныстайды, ал дернәсілдері сыртқы желбезектері арқылы. 2 түрі бар. Бірі-жапондық, Жапония аралдарында таралған. Уссуриялық құйрықты бақа Приморьямен Хабаровск аймағында кездеседі. Дене ұзындығы 15-21 см. Суық ағынды суларда мекендейді. Күндіз су жиегіндегі шеп-шілікте жасырынады. Белсенділігі түнде байқалады. Су және су жиегіндегі омыртқасыздармен қоректенеді.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Бұрыштістілер‎