Патша кеңалқым жылан () - аспид тұқымдасы. Әлемдегі ең ірі улы жылан, ұзындығы 5,5 м.

Түсі бірыңғай сарғыштан сарғыш-жасылға дейін өзгереді. Денесінде қисық қара жолақтары бар. Бұл жылан Оңтүстік, Шығыс Азияның тропикалық ормандарында таралған. Жылан тіршілік белсенділігі күндіз байқалады. Ағаштарда жақсы өрмелейді, суда жүзеді. Қорегі, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, жыландар, олардың арасында крайт және кеңалқым сияқты улы жыландарменде. Ұрғашы жылан үйіп, жапырақтармен жауып 40 жұмыртқа салады да, оны әрдайым күзетеді. Жыланның уы өте күшті жүйке, салдандыру әсері бар, барлық жануарларға қауіпті.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Аспидтер Санат:Кобралар Санат:Азия бауырымен жорғалаушылары Санат:1836 жылы зерттелген жануарлар