Әкімшілік жауапкершілік органдармен және лауазымды тұлғалармен оларға бағынышты емес құқық бұзушыларға тағайындалады. Оларға келесі органдарды жатқызуға болады: аудандың арнаулы және оларға теңестірілген әкімшілік соттың судьялары; кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғайтын аудандық (қалалық), қаладағы аудандық комиссиялар; ішкі істер органдары, мемлекеттік инспекция органдары және мемлекеттік қадағалау мен бақылаудың өзге органдары (олардың лауазымды тұлғалары).Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-638-5

Дереккөздер