Жамбыл облыстық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы – өсімдік шаруашылығындағы сұрыптау жұмыстарымен айналысатын ғылыми-өндірістік мекеме. 1965 жылы құрылған. Жамбыл ауданы Бесағаш ауылында орналасқан.

Станция асыл тұқымды астық дақылдарын шығарады, көкөніс (пияз, қызанақ) өндіреді. 1450 гектар егістік жері бар. «Бесағаш-Агросервис-2006» ЖШС иелігіндегі мүліктер мен нысандар: Зертханалық корпус 3 қабатты (кеңсе). Орталық астық қоймасы. Мал қорасы – 2. (әр қайсысы 300 бас сиырға арналған). Мал қорасы – 2. (әрқайсысы 800 бас қойға арналған).Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер «Бесағаш-Агросервис» ЖШС

Санат:1965 жылы құрылған ұйымдар Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) мекемелері Санат:Қазақстан ауыл шаруашылығы