Виктор Михайлович Беляев (06.02.1888, Ресей, Орал - 16.02.1968, Мәскеу қаласы) - музыкатану, өнертану докторы (1944), Мәскеу консерваториясының профессоры (1943).
1959 жылдан өмірінің соңына дейін Мәскеудегі Өнер тарихы институтының аға ғылым қызметкері. КСРО халықтарының музыкасын зерттеумен шұғылданды. Қазақ музыка фольклорын да зерттеп, бірнеше еңбек жазды. Оның "КСРО халықтары музыкасы тарихының очерктері" деген екі томдық еңбегінің 1-тарауы "Қазақ халқының музыка мәдениеті" деген атпен қазақ музыкасына арналады.
"Еңбек Қызыл Ту" орденімен марапатталынған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:6 ақпанда туғандар Санат:1888 жылы туғандар Санат:Оралда туғандар Санат:16 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1968 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:КСРО музыкатанушылары Санат:Ресей музыкатанушылары Санат:XX ғасыр музыкатанушылары Санат:КСРО музыка педагогтары Санат:Ресей музыка педагогтары Санат:XX ғасыр музыка педагогтары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Өнертану докторлары Санат:Санкт-Петербург консерваториясы түлектері Санат:Санкт-Петербург консерваториясы оқытушылары Санат:Мәскеу консерваториясы оқытушылары Санат:КСРО академиялық музыканттары Санат:Ресей академиялық музыканттары Санат:Мәскеу консерваториясының профессорлары