Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев (7 қараша 1976 жылы, Жамбыл облысы, Талас ауданында туған) — қазақстандық әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
Өмірбаяны Мейрамбек Бесбаев Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген.
Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің Қобыз сыныбын оқып бітірген. 1989 жылы Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебіне ауысады.
1994-98 жж. Т.Жүргенов атындағы театр академиясының «Актер, драма, кино» факультетінен білім алады. Алғаш кәсіби жолын «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметін атқаруымен бастайды.
1997 ж. қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген. Жастайынан ән салып, халыққа танымал болды. Оның репертуарында Кенен Әзірбаевтың, Алтынбек Қоразбаевтің ("Бозторғай", "Кеш жарық", "Шаш-баулым", т.б.), Нұрғиса Тілендиевтің "Өз елім", т.б. қазақ композиторларының әндері бар. Қазір "Қазақконцерттің" әншісі, сондай-ақ, танымал МузАРТ тобының мүшесі. Гастрольдік сапармен шет елдерде, Қазақстанның барлық қалаларында болып өнер көрсеткен.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
2002-2007 жж. Қазақконцертте әнші (солист) болып жұмыс істеген.
2010 жылы Баян Есентаеваның продюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты кинода өз-өзін сомдайды.
Дискография Ән-Термелер Аяулыма
Фильмография 1991 — «Қоштасқым келмейді» (Нұрсейіт) 2010 — «Ғашық жүрек» (Мейрамбек Бесбаев) 2011 — «Ғашық жүрек 2» (Мейрамбек Бесбаев)
Марапаттары 2006 жылы ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының («Эстрада» номинациясы) лауреаты; 2010 жылы "Мәдениет қайраткері" медалімен марапатталды; 2012 жылғы Президент жарлығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды; 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медалімен марапатталды; 2026 жылғы мамырда «Парасат» орденімен марапатталды (мәдениет саласындағы елеулі жетістіктері үшін).
Дереккөздер
Санат:Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері