thumb|Индиядағы Баһаи ғибадат үйі thumb|Бүкіләлемдік Әділет Үйі, Хайфа Баһаи Сенімі (ағыл. Bahá'í Faith, орыс. Вера Бахаи) - бүкіл адамзаттың рухани бірлігін ұран еткен ең жас әлемдік дін.Moojan Momen, The Babi and Baha’i Religions, p. 59. Сенімнің негізін қалаушы Баһаулла (1817—1892 ж.) Құдайдың адамзатқа аян беріп жіберген Ибраһим, Мұса, Будда, Заратустра, Кришна, Иса, Мұхаммед және Баб сияқты Елшілерден құралған тізбектің жалғастырушысы болып саналады.isbn = 0-85229-486-7

Баһаи сенімі XIX ғасырдың ортасында пайда болып, бүгінде 5 миллионнан астам ізбасардың басын біріктіреді. Олар 2112 түрлі ұлттар мен ұлыстардан, әртүрлі мәдениеттер мен әлеуметтік жіктерден құралып, әлемнің 188 мемлекетімен қоса 45 тәуелді территорияларда Баһаи сенімін ұстануда.Bahá'í statistics#Worldwide figures|Bahá'í statistics for a breakdown of different estimates.Manfred Hutter Сенімнің қасиетті жазбаларының белгілі бір бөлігі 800-ден астам тілге аударылған.Doctor of Theology, Stockman, R. H., Scripture Baha’i Sacred Writings

Баһаи ілімі өзекті үш қағидаға негізделген. Китаб-и-Агдас, К182 Олар жаратушы Алланың бір екендігі, діндердің біртұтастығы және барша адамзат бірлігі. Алдыңғы пайғамбарлардың жазбаларына сәйкес, Баһаулла Құдайдың тек жалғыз діні бар деп жариялайды. Ол өткен шақта да, келешекте де Құдайдың қай елшісімен келмесін, мәңгі болып қала бермек.

Қысқаша мәлімет

Баһаи Сенімі, өзінің жеке жазбаларымен, заңдарымен және сенушілер қауымдастығымен, ғибадат ету және өмір сүрудің ерекше үлгісімен, жер шарының барлық бөліктерінде тәуелсіз дін ретінде танылды. Діннің сипаты, тәуелсіз дін ретінде, көптеген ұлттардың жоғарғы азаматтық және діни билік орындарымен батыста да, шығыста да мойындалған. Тарих, әлеуметтану мен салыстырмалы дінтану көзқарасынан да бұл шешімді академиктер мен ғалымдар растады. 180-нен аса елдің азаматтық билік орындары Баһаи институттарының діни сипатын мойындап, олардың заңды тіркелуіне рұқсат етті. Халықаралық ұйымдар, ұлттық және жергілікті үкіметтер, дінаралық топтар мен азаматтық қоғамның ұйымдары бүкіл әлем бойынша Сенімнің тәуелсіз мәртебесін мойындап және оның қоғамдық дамуға қосқан үлесін, әсіресе, халықтар арасындағы бірлікті орнатуға, әділеттілікті уағыздауда, адам құқықтарының теңдігіне, адамгершілік, білім мен тұрақты дамып отыруға ықпал етуін бағалады.Баһаи Халықаралық Қауымдастығының ресми сайты

Негізгі ұстанымдары

Құдайдың бір екендігін мойындау Діндердің біртұтастығы мойындау Адамзаттың бірлігін мойындау Әйел мен еркек тең құқықтылығын қабылдау Наным-сенімдердің барлық түрлерінің жойылуы Дүние бейбітшілігін орнату Дін мен ғылым үйлесімділігін дәріптеу және ұстану Ақиқатты өз бетімен тәуелсіз түрде зерттеу Мәңгі дамушы өркениетті ілгерілету Жалпыға ортақ білім беру жүйесін еңгізу Әлемдік халықаралық қосымша тілдің еңгізілуі Саясатқа араласпау Шектен шыққан байлық пен кедейлікті жою

Баһаи ғибадатханалары thumb|Германиядағы ғибадатхана Баһаи ғибадат үйлері арабша Машрикуль-Азкар(Алланың даңқты мекені) деп аталады. Баһаулланың өсиеті бойынша Баһаилар тұратын әрбір елді-мекенде діндердің бірлігін бейнелейтін тоғыз кіреберісі бар, бір күмбезді ғибадатханалар тұрғызылуы тиіс.

Алғашқы Баһаи ғибадатханасы Ашқабат қаласында 1908 жылы салынған. Қазіргі уақытта әлемнің бүкіл құрлықтарында Баһаи ғибадатханаларының есіктері келем деушілерге ашық. Үндістан, Австралия, АҚШ, Германия, Панама, Уганда, Батыс Самоа және Чили сынды елдерде ғибадатханаларға барып кез-келген дін өкіліне мінәжат етуге болады.

Тарихы Баб дәуірі

thumb|Баб кесенесі, Хайфа Баһаи Сенімі өз бастауын 1844 жылдың 23 мамырынан алады. Осы күні "Баб" есімін алған жас парсы жігіті, Сейід Әли Мұхаммед өзіне Алладан аян түскенін жариялайды. Оның мұраты қоғамды араға біраз уақыт салып келетін Елшінің келуіне дайындау болатын. Барлық діндерде күндердің күнінде Жаратқаннан қатарынан екі елші келеді делінген. Мысалы, Исламда Иса Мәсіхтің екінші рет келуінен бұрын Мехди немесе Мәди келеді делінсе, Христиандықта да Исаның екінші рет оралуынан бұрын Алланың уәкілі түседі делінген. Осылайша діндерде жазылғандай Баб өзінің ерекше мақсаты хақында паш етіп, соңынан көптеген ізбасарлар ертеді.

Көптен күткен Пайғамбардың келуі жайлы насихаттаған жаңа Баб ілімі сол кездегі Парсы еліндегі кейбір дінбасыларына жақпады. Бабтың ізбасарларына дінбұзарлар және исламның дұшпандары деген жала жабылып, бірнеше жылдың ішінде жиырма мыңнан астам бабшылар азапталып өлтірілген еді. Бабтың өзі қамал абақтысына жабылып, өзінің аян алғаны туралы жария еткен сәттен алты жыл өткен соң, 1850 жылы атылып дүние салды.

Баһаулла дәуірі

Мырза Құсайын Әли (1817- 1892 ж.), парсылық ақсүйек, кейіннен Баһаулла ("Алланың даңқы" немесе "Алланың ұлылығы") деген атты қабылдаған бабшылардың бірі болған. Баб ілімін ұстанған үшін Тегерандағы «қара шұңқыр» деп аталатын зынданға қамалып, төрт айын сонда өткізген. Сол қараңғы түнек зынданда Бабтың болжаған Елші екендігі жайлы Жаратқаннан аян алған.

1852 жылға дейін Баһаулла өзінің бар күшін ыдырай бастаған бабшылар қауымдастығының қайта жаңғыруына арнаған болатын. Бұл жайтқа мазалана бастаған парсы үкіметі түрік билеушілерінен оны Иранмен шекаралас Бағдатқа жер аударылуын сұрады. Он жылға жуық уақыт аралығында Баһаулла Бағдатта көптеген серіктестер табады, сөйтіп бабшылар қауымдастығының күшеюіне ықпалын тигізеді. Бұдан сескенген Осман әміршілері Баһаулланы тұтқын ретінде Стамбулға көшуге мәжбүрлейді..

1863 жылы сәуір айының соңғы күндерінде, Бағдаттан көшірілмекші болған Баһаулла бірінші рет өзінің Алладан аян алғанын жария етеді. Келесі жылдардың аралығында ол көптеген әлем билеушілеріне жолдаулар жазады. Ол хаттарында Еуропа, Америка мен Азияның билеушілеріне өзінің Құдайдан алған өкілеттігі жайында хабарлап, бейбітшілік, әділеттілікке және әскери шығындарын қысқартуға шақырды.

Ыстамбұлда бірнеше ай қуғында болып, Баһаулла Адрианопольге жер аударылды. Кейін, сол кездегі Палестина, қазіргі Израиль аумағындағы Акка қаласына қамалады. Аккадағы алғашқы жылдарда (1868 ж.), оны түрмедегі қатаң жағдайда ұстады. Содан соң, қамалдан үйдегі тұтқын ретінде босатылады. Біртіндеп, жергілікті билік тарапынан Баһауллаға деген қатынас жұмсарып және тоғыз жылдан соң Баһаулла Аккадан екі шақырым жердегі Бахджи-ға көшіріледі. 1892 жылы дүниеден қайтқанынша ресми түрде тұтқын болып қала берді.

Өз өмірін қуғын-сүргінде өткізгенімен, Баһаулла Алладан түскен ілімін адамдардың жүректеріне жеткізе білді. Әр жер аударылған аймақта соңынан мыңдаған ізбасарлар ере бастады. Артынан қасиетті кітап "Кітаби Ағдас"тан басқа жүздеген жазбалар қалдырды. Баһаулла өлімінен кейін Баһаи сенімін оның үлкен ұлы Абдул-Баһа және немересі Шоги Эффенді әлемге таратты. Абдул-Баһа (1844-1921 ж.) сенімнің басшысы және қасиетті жазбаларының жалғыз өкілетті талдаушысы етіп тағайындалған еді. Шоги Эффенді болса, 1957 жылға дейін әлемдік Баһаи қауымдастығын басқарып, кейін Бүкіләлемдік Әділет Үйінің құрылуына атсалысты. 1963-ші жылдан бастап, Баһаилардың әлемдік қауымдастығы сайланып тұратын Бүкіләлемдік Әділет Үйімен басқарылады.

Абдул-Баһа дәуірі

Абдул-Баһа Баһаулланың ұлы, әрі Баһаи Сенімі рухы мен ілімінің кемел өнегесі еді. Әлеуметтік əділдік жақтаушысы жəне халықаралық бейбітшілік елшісі, Ол Өз өмірін Əкесінің Ісін алға бастырып, Оның идеялдарын ілгерілетуге арнады. Абдул-Баһаның рухани көсем , беделді тәпсірлеуші жəне бой түзер өнеге ретіндегі рөлі бүкіл діни тарихта теңдессіз. Баһаулла ұлын «Өсиетнамамның Орталығы» деп атап, жазбаша өсиетхатында Абдул-Баһаны Өзінің мұрагері етіп тағайындады, сонысымен Өзі өмірден өтпестен бұрын Сенім бірлігін бекітіп кеткен еді.

Есімі «Баһа Қызметшісі» дегенге саятын Абдул-Баһа, Тегеран, Парсы елінде 1844 жылы 22 мамырдың түнінде дүниеге келді, ал дәл сол күні Баб адамзат жаңа діни циклге кіргенін жариялаған болатын. Ол бала кезінде, үкімет Баб ізбасарларын қуғын-сүргінге ұшыратқанда зардап шекті. Баһаулла түрмеге қамалып, Тегерандағы үйлері тоналып, тəркіленген соң бүкіл отбасымен қуылғанда, Ол небəрі сегіз жаста еді. Баһаулла Тегерандағы атышулы «Қара Шұңқырда» қамауда отырғанда Құдайдан аян алып, орын алған құдіретті рухани өзгерісті жас Абдул-Баһа бірінші болып таныды.

Абдул-Баһа есейе келе, Əкесінің көмекшісі, әрі ең жақын серігі болды. Баһаулла Абдул-Баһаның бойындағы жомарттық, парасат пен кішіпейілділік қасиеттеріне таңданып, оған "Ұстаз" атағын берген. Абдул-Баһа өз өмірін басқаларға бүкпесіз қызмет етуге арнады. Ол тіпті үстіндегі шекпенін де басқаларға жиі шешіп беретін. Ертедегі баһаилар күңгірт абақты-қала Аккаға жер аударылғанда, көпшілігі іш сүзегі, безгек және дизентерияға шалдықты.Абдул-Баһа оларды жуып, тамақтандырып, жұбататты.

1892 жылы Баһаулла қайтқаннан соң, Абдул-Баһа жас Баһаи Сенімі ізбасарлары арасында бірлікті сақтау үшін тынымсыз еңбек етті. Ол Баһаулла бұйырған жергілікті Баһаи институттарын құруды ынталандырып, білім беру, әлеуметтік және экономикалық бастамаларға жетекшілік жасап, тез кеңейген Баһаи қауымының беделін едәуір арттырды. Абдул-Баһа жасаған саяхаттары, баяндамалары мен жазбалары арқасында Баһаулланың жаһандық көзбағдарын ұғындыруда маңызды рөл атқарды. Ол Əкесі ілімінің рухани мəні туралы терең түсінікке ие болды, әрі сол қағидаларды Өз өмірінде махаббатпен іске асыра алды. Оның сыпайылығы, мейірімі, кішіпейілдігі мен Құдайға бойсұнуы туралы көптеген əңгімелер зор шабыт береді. Абдул-Баһа өмірі – Құдайға бойсұнудың тәжірибеде, бүкпесіз қызметте көрініс таба білген нағыз үлгісі.

Шоғи Эффенді

Баһаулланың «Кітаб-и-Ағдас» (Ең киелі кітап) атты еңбегі мен Абдул-Баһаның «Өсиетнамасы» — Баһаи әкімшілік жүйесінің іргетасын қалайтын құжаттар. Баһаулла сайланбалы «Әлемдік Әділет Үйін» құрса, Абдул-Баһа тағайындалатын әрі мұрагерлік сипаттағы «Қамқоршылық» институтын бекітіп, осы екі құрылымның өзара қарым-қатынасын айқындап берді. Абдул-Баһа өз өсиетнамасында үлкен немересі Шоғи Эффендіні Баһаи сенімінің тұңғыш Қамқоршысы етіп тағайындады. Шоғи Эффенді 1957 жылы дүниеден өткенге дейін, яғни 36 жыл бойы осы діннің басшысы қызметін атқарды.

Өмірі бойы Шоғи Эффенді Баһаи мәтіндерін аударды, Баһаи қауымдастығын кеңейтуге бағытталған жаһандық жоспарларды әзірледі, Баһаи дүниежүзілік орталығын дамытты, әлемнің түкпір-түкпіріндегі қауымдастықтармен және жеке тұлғалармен қарқынды хат алмасу жүргізді, сондай-ақ діннің әкімшілік құрылымын қалыптастырып, қауымдастықты Әлемдік Әділет Үйін сайлауға дайындады.

Шоғи Эффенд 1957 жылы 4 қарашада Англияның Лондон қаласында, қысқа мерзімді аурудан кейін кенеттен қайтыс болды. Оның өлімінен кейін мұрагер тағайындауға мүмкіндік болмады. Ол Лондонның Барнет ауданындағы Нью-Саутгейт зиратына жерленген.

Заңдары

Баһаилар ұстанатын заңдар Баһаулланың жазып қалдырған "Кітаб-и-Ағдас" қасиетті кітабына негізделген. Төменде кейбір заңдардан мысалдар келтірілген.

Баһаи дұғалары міндетті және жалпы болып бөлінеді. Он бес жастан асқан Баһаилар күнделікті міндетті дұғаларын (намаз) оқулары тиіс. Және де әртүрлі тақырыптарға арналған жалпы дұғаларды, қасиетті жазбаларды оқу шарт. Ересек сенушілерге жыл сайынғы Баһаидың бір айдан, яғни он тоғыз күннен тұратын ораза ұстау парыз. Алкогольді ішімдіктер, құмар ойындарына тиым салынған Фанатизм, түрлі ритуалдар және өсек айту, ғайбаттауға т.б. тиым салынады

Неке

Баһаи сенімінде отбасын құру әйел мен еркек арасында рухани үйлесімділік пен бірлік орнату мақсатын көздейді. Баһаи ілімінде жанұя қоғамның іргетасы ретінде қарастырылады. Баһаулла жанұя түсінігін дәріптеп, айырылысуды құптамаған. Гомосексуализмге болса, тиым салынады. Баһаулла некедегі жұбайлар бір-бірінің рухани дамуына атсалысуы қажеттігін үйреткен. Нәсіларалық некелер жоғары мадақталады. Ата-аналар балаларына қалыңдық немесе күйеу бала тауып бере алмаса да, үйленуге рұқсат-қарсылықтарын білдіріп шешім қабылдай алады.

Жұмыс

Баһаи дінінде дінбасылар немесе имам, молда, пасторлар жоқ, өйткені тиым салынған. Әрбір адам адамзатқа пайда әкелетін жұмыс істеу арқылы Құдайға мінәжат етеді. Баһаулла аскетизмге тиым салған.

Күнтізбе