Қызылтам – Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Қарғалы ауданы, Қосестек ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12,7 км жерде, Қарғалы мен Қосетек өзендерінің бір-біріне құяр сағасында орналасқан.
Сипаты ХVІ-ХVІІ ғасырларда күйдірілген кірпіштен тұрғызылған мазар. 1907 жылы А.И. Кастанье басқарған археологиялық экспедиция зерттеген. Жалпы жобасы шаршыланып келген (6,5x6,5 м), шошақ күмбезді. Қалмақ (Бадымай хан) пен қазақ елі арасындағы соғыс кезінде (шамамен 13 ғ.) қаза болған екі ғашықтың басына тұрғызылған мазар деген аңыз бар.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Ақтөбе облысы сәулеті Санат:Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері