Ат-Татил(«айыру»). Мұсылман теологтарының мынадай ілімдерге анықтама бергенде өз ұйғарымдарынша қолданған термині:

1) әлемнің жаратылысын кездейсоқтық деп санайтын «кейбір дахриттердің» ілімінде көрсетілгендей, әлем жаратушысынан айрылады;

2) әлем ежелден мәңгілік деп есептейтін дахриттер ліміндегідей жаратушы жаратқан дүниесімен аластатылады;

3) «кейбір көне дәуір философтарының», «әсіре» шииттер мен батиниттердің ілімінше, жаратушы атрибуттардың, атауларынан, талдауларынан айырылады,

4) Құдайдың үлесін аралық қана деп және жарамсыз атрибуттармен сипаттаған шығыс перипатеттері іліміндегі жаратушы мәнді, жағымды мағыналы атрибуттарынан айырылады немесе

5) мутазилашылардың ат-таухид ілімі бойынша, жаратушы ежелгі маңызды, тек өзіне ғана тән атрибуттарынан айырылады;

Құранның сөздері мен сүрелері:

анықтап айтқанда, өзінің мазмұндық мағынасы жағынан өте «анық» қасиетті сөздер символдык-аллегорикалық талдауға түскен кезде қолданылады. Осы мәндердің бәрінде де ат-Татил термині ойшылдар мінездегенде қолданылатын әл-муаттила термині сияқты, жоғарыдағы 3 - 5 бөліктерде айтылған Құдайды атаулары мен талдауларынан «айыратын» жағымсыз мағынада болды.

Бұл ойшылдардың өздері осыған лайықты көзқарастарын ат-танзих деп бағалап, ат-ташбихқа қарсы қойды.Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1

Дереккөздер

Санат:Дін Санат:Ислам